Құрметті ССКӨБ және «Қашар кені» АҚ қызметкерлері!
Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз-Металлургтер күнімен құттықтаймын!
Бұл күнді жалпы тау-кен өндірісі байланыстыратын түрлі мамандықтағы адамдар атап өтеді. Сіздің мыңдаған ұжымыңыз қойылған өндірістік міндеттерді табысты орындап, Мемлекеттік экономиканың дамуына өз үлесін қосуда. Кәсіпорын бөлімшелерде заманауи технологияларды енгізе отырып, дамуын жалғастыруда.
ССКӨБ-тің әр түрлі ұрпақтардың бірнеше мың адамдарының тағдырын біріктіретін бай тарихы бар. Өндіріс ардагерлері комбинаттың қалай дамығанын есіне алады, туған кәсіпорынның жетістіктерімен мақтанады. Аға буын сенімді бола алады-бірлестік қазіргі металлургтер мен кеншілердің сенімді қолында.
Баршаңызға зор денсаулық, тұрақтылық, молшылық және өндірістік табыс тілеймін!
Қала әкімі Қ. Х. Испергенов