БЖЗҚ-да Ашық есік күні

БЖЗҚ-да Ашық есік күні

БЖЗҚ-да Ашық есік күні

 

Халық арасында ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу аясында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 28 маусымда Ашық есік күнін онлайн форматта өткізеді. Әрбір ниет білдіруші онлайн платформаға қосылып, осы іс-шараға үйден шықпай-ақ қатыса алады.

Іс-шара тақырыбы – «Зейнетақы активтерін басқару: Зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланады?».

Виртуалды кездесудің басты мақсаты – халықтың қаржылық-құқықтық сауатын көтеру. Іс-шара қонақтары еліміздің зейнетақы жүйесінің құрылымын біліп, инвестициялық портфель құрылымымен және зейнетақы активтерінің кірістілігін қамтамасыз ететін қаржы құралдарымен танысады.

Жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) түсіп, БЖЗҚ есепке алатын зейнетақы жарналарын зейнетақы активтерін сенімгерлік басқарушы –Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) түрлі қаржы құралдарына инвестициялайтынын еске саламыз. Қазір БЖЗҚ төрт ИПБ-мен («Jusan Invest» АҚ; «Halyk Global Markets» АҚ; «BCC Invest» АҚ және «Сентрас Секьюритиз» АҚ) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасады.

Салымшылардың зейнетақы жинақтарының сомасы апта сайын зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесіне сәйкес қайта есептеледі және қайта бағаланады. Инвестициялық табыс құрамына бағалы қағаздар (салымдар мен басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі табыс, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түріндегі табыс, валюталық қайта бағалау түріндегі табыс, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыс және т.б. кіреді.

Сонымен қатар бұл іс-шара мақсаты – жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты басқа мәселелер бойынша да кешенді ақпарат беру.

Естеріңізге саламыз, «Ашық есік күні» 28 маусымда орыс тілінде  сағат 10:00 (Zoom), 14:00 (Zoom), 16:00 (Zoom) қазақ тілінде сағат  12:00 (Zoom) онлайн форматта  өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Қатысуға өтінімді kostanay@enpf.kz электрондық мекен-жайына жолдау қажет. Онда өзіңіз туралы мәліметтерді, яғни ТАӘ, қатысу күні және WhatsApp телефон нөміріңізді (шақыру-сілтеме жіберу үшін) көрсетуіңіз қажет. Шақыру сілтемесі Сізге іс-шараның басталуына дейін жіберіледі.

 

Біз Сіздерді күтеміз!