«БЖЗҚ» АҚ виртуалды Ашық есік күніне шақырады

«БЖЗҚ» АҚ виртуалды Ашық есік күніне шақырады

 

«БЖЗҚ» АҚ виртуалды Ашық есік күніне шақырады

 

Зейнетақы жинақтарыңның қалай жұмыс істейтінін біл!

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылғы 28 маусымда Ашық есік күнін онлайн форматта өткізеді. Басты тақырып – Зейнетақы активтерін басқару: Зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланады?

Өткен 2021 жыл қорытындысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 2022 жылғы 1 қаңтарда 13,1 триллион теңгеге жетті. Бұл соманың инвестициялық жарналар мен инвестициялық табысты қамтитыны белгілі.

2021 жылғы зейнетақы жинақтарының елеулі өсімі жыл ішінде 1,4 трлн теңге болған таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етіліп отыр. Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік – 8,4% инфляция кезінде 11,13%. Инвестициялық табыс құрамына бағалы қағаздар (салымдар мен басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі табыс, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түріндегі табыс, валюталық қайта бағалау түріндегі табыс, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыс және т.б. кіретінін еске саламыз.

Іс-шара кезінде Қор мамандары еліміздің зейнетақы жүйесінің құрылымын түсіндіріп, инвестициялық табыс құрылымымен таныстырады, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару  туралы ақпаратты қайдан және қалай алуға болатынын айтып, олардың қаржылық тәуекелдерден қалай қорғалатынын түсіндіреді.

Естеріңізге саламыз, «Ашық есік күні» 28 маусымда орыс тілінде  сағат 10:00 (Zoom), 14:00 (Zoom), 16:00 (Zoom) қазақ тілінде сағат  12:00 (Zoom) онлайн форматта  өтеді.

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Қатысуға өтінімді kostanay@enpf.kz электрондық мекен-жайына жолдау қажет. Онда өзіңіз туралы мәліметтерді, яғни ТАӘ, қатысу күні және WhatsApp телефон нөміріңізді (шақыру-сілтеме жіберу үшін) көрсетуіңіз қажет. Шақыру сілтемесі Сізге іс-шараның басталуына дейін жіберіледі.