Рудный қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы хабарлайды:
Жеке кәсіпкерлер үшін салық міндеттемелерін орындау рәсімдерін жеңілдету мақсатында "E-Salyq Business" мобильді қосымшасы іске асырылды (App Store және Play Market арқылы орнатуға болады)
E-Salyq Business мобильді қосымшасында келесі қызмет түрлерін алуға болады:
- жеке кәсіпкер ретінде тіркеуден өту;
- салық режимін таңдау немесе өзгерту;
- клиенттерге чектер беру және тиісінше табыстардың есебін автоматты түрде жүргізу;
- салық міндеттемелерін автоматты түрде есептеу, есептің өзін ұсынбай патент құнын есептеу үшін салықтарды төлеу;
- есептелген салықтар мен әлеуметтік төлемдермен жеңілдетілген декларацияны алдын ала толтыру;
- түрлі анықтамалар алу.
Қосымшаны жүктеу сілтемелері:
Play market пайдаланушылары үшін: https://play.google.com/store/apps/details?id=dev.amsmirnov.esalyqbusiness
App Store пайдаланушылары үшін: https://apps.apple.com/kz/app/e-salyq-business/id1578486901
Бүгінгі күні жеке кәсіпкерлердің осы мобильдік қосымшаны пайдалануын түсіндіру бойынша толық ауқымды жұмыс жүргізілуде.