28 мамырда Рудный қаласында «ERG Run Fest» жүгіру фестивалі өтеді

28 мамырда Рудный қаласында «ERG Run Fest» жүгіру фестивалі өтеді

28 мамырда Рудный қаласында «ERG Run Fest» жүгіру фестивалі өтеді. Бұл-түрлі қашықтыққа жүгіру жарыстарының кешені болып табылатын жарқын спорттық-бұқаралық жүгіру мерекесі. Қатысушылар жасына және дайындық деңгейіне байланысты келесі қашықтықтарда өз күштерін сынай алады: 3 км, 5 км, 10 км, 21 км жеке жарыс, скандинавиялық жүріс, экиден.
Оған мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде.
Қатысушылардың маршруты негізінен Парковой көшелерімен КҚТК дейін және 50лет.Октябрядан бастап «Горняк» ЖСК стадионына дейін өтеді.
Іс-шараны өткізу уақыты: сағат 16.00-де «Горняк» ЖСК стадионында старттық қалашықтың ашылуы. Жарыс 17-00-ден 21-. 00 ге дейін.
Жүргізушілердің назарын осы уақытта көлік қозғалысы тоқтатылатынына аударамыз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.