Рудный қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы "Чек талап ет - азаматтық бақылау" пилоттық жобасы өткізілетіні туралы хабарлайды

Рудный қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы "Чек талап ет - азаматтық бақылау" пилоттық жобасы өткізілетіні туралы хабарлайды

Рудный қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы "Чек талап ет - азаматтық бақылау" пилоттық жобасы өткізілетіні туралы хабарлайды. Фискалдық чек берілмегені және төлем карталары арқылы төлем қабылдауға бас тартқаны жайлы ақпаратты хабарлаған үшін сыйақы төленеді.. Бұл жобаға кез келген адам қатыса алады. Жіберілген барлық өтініштер мемлекеттік кірістер органдарымен қарастырылады. Фискалдық чек берілмегені және төлем карталары арқылы төлем қабылдауға бас тартқаны жайлы фактілерді хабарлау үшін, AppStore немесе PlayMarket арқылы WIPON CASHBACK қосымшасын жүктеп, фискалдық чек берілмегені расталса сыйақы алуыңызға болады . Кәсіпкерлерлердің мәліметтерін кәсіпкердің қассалық аймағында QR – код арқылы сәйкестендіруге болады.

Рудный қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы барлық қала тұрғындарын және қонақтарын өз азаматтық позициясын білдіріп, "Чек талап ет - азаматтық бақылау" жобасына белсенді қатысуға шақырады .