Өткізілген мемлекеттік қызметтердің онлайн жәрмеңкесі туралы

Өткізілген мемлекеттік қызметтердің онлайн жәрмеңкесі туралы

2021 жылғы 30 қарашада Рудный қаласының әкімдігі Рудный қаласы әкімдігінің Facebook парақшасында бір мезгілде таратумен Zoom интернет платформасы арқылы мемлекеттік қызметтердің онлайн жәрмеңкесін өткізді (https://www.facebook.com/ap.akima.rdn/videos/378128357390371 ).

Жәрмеңкеге санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Усов Вадим Анатольевич, Рудный қалалық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық инспекторы Азнабаев Медеу Шабденович және Рудный қалалық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторы Смбаева Гульшат Какимовна қатысты.

Сондай-ақ, жәрмеңкеге Қостанай облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ Халыққа қызмет көрсету бөлімінің өкілі қатысты.

Хабар тарату кезінде түсініктемелер түскен жоқ. Алайда, хабар тарату аяқталғаннан кейін 1 сұрақ келіп түсті, оған заңнамаға сілтемелермен толық жауап берілді.