Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат 2021 жылғы 29 қараша

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат   2021 жылғы 29 қараша

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 29 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың 68 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0, 17 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 31, Рудный қ. – 11, Әулиекөл ауданы – 10, Қарабалық ауданы – 9, Лисаков қ. – 6, Денисов ауданы – 1.
56 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 10 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 2 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 67 адамда ауру белгілері болды, 1 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 29 қараша аралығында COVID-19-дың 39 915 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 38 276.
Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 339 569 адам, екінші компонентпен 318 036 адам вакцинацияланды.