РФ-дағы қазақстандықтар АИТВ-ның жоқтығы туралы анықтама ұсынуға міндетті болады

РФ-дағы қазақстандықтар АИТВ-ның жоқтығы туралы анықтама ұсынуға міндетті болады

РФ-дағы қазақстандықтар АИТВ-ның жоқтығы туралы анықтама ұсынуға міндетті болады
Осы жылдың 29 желтоқсанынан бастап Ресейге 90 күннен астам мерзімге келетін Қазақстан азаматтары есірткіге тәуелділіктің және АИТВ-ны қоса алғанда, инфекциялардың жоқ екенін растауы қажет. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде хабарлады.

Ресейлік медициналық мекемелерде есірткіге тәуелділік пен инфекциялардың, соның ішінде АИТВ-ның жоқтығын растау қажет. Қазақстан азаматтары анықтамаларды ІІМ аумақтық органына ұсынуы тиіс. Кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз азаматтардың құжаттарын оның ата-анасының, қорғаншыларының немесе қамқоршыларының бірі (алты жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды) ұсына алады.
Сондай-ақ, қазақстандықтарға міндетті мемлекеттік дактилоскопиялық тіркеуден және суретке түсіруден өту қажет, одан кейін ІІМ аумақтық органдары оларға қажетті құжатты береді.
«Еңбек қызметі мақсатында Ресейге келген жағдайда жоғарыда көрсетілген рәсімдерді келген күнінен бастап 30 күн ішінде, өзге мақсаттарда — 90 күн ішінде өту қажет», — деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі. Медициналық анықтамалардың қолданылуы аяқталғаннан кейін қазақстандықтар 30 күн ішінде медициналық куәландырудан қайта өтуге және жаңа құжаттарды не ІІМ аумақтық органына ұсынуға міндетті.
Немесе-мемлекеттік және муниципалды қызметтердің бірыңғай порталын қолдана отырып немесе ведомстволық бағынысты кәсіпорын немесе уәкілетті ұйым арқылы электрондық құжат түрінде.
«Егер жоғарыда аталған талаптар орындалмаса, Ресейде болу мерзімі қысқаруы мүмкін», — деді дипломатиялық өкілдікте.