Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат 2021 жылғы 24 қараша

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат   2021 жылғы 24 қараша

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 24 қарашада Қостанай облысында COVID-19-дың 101 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0, 25 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 43, Рудный қ. – 12, Қостанай ауданы – 9, Арқалық қ. – 7, Жітіқара қаласы және Қарасу ауданында – 6, Федоров ауданы – 5, Лисаков қаласы және Мендықара ауданында – 4, Алтынсарин және Әулиекөл ауданында – 2, Ұзынкөл ауданы – 1.
82 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 16 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 3 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 93 адамда ауру белгілері болды, 8 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 24 қараша аралығында COVID-19-дың 39 433 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 37 298.
Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 338 239 адам, екінші компонентпен 316 179 адам вакцинацияланды.