"Мемлекеттік тіл" айлығының қорытындысы

"Мемлекеттік тіл" айлығының қорытындысы

"Мемлекеттік тіл" айлығының қорытындысы

Рудный қаласында Қалалық тілдерді оқыту орталығы мен Полиция қызметкерлерінің бірлесе ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл» айлығы өз мәресіне жетті. Рудный қаласы полиция басқармасында өткен «Тәуелсіздікке 30 тарту» салтанатты іс-шарасы айлықтың қорытынды нүктесіне айналды.
18 қазаннан бастап 18 қарашаға дейін, яғни, бір ай аралығында диктант, «Тіл сақшылары» зияткерлік ойыны, мемлекеттік тілді оқыту курсын тәмәмдаған тыңдаушыларға арналған сертификаттық тестілеу, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тілі» көркем оқу шеберлерінің конкурсы өткізілген болатын. Осы іс-шараларда ерекше көзге түскен қызметкерлер грамоталармен, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Марапатталушылар құрметіне Рудный әншісі Мұқан Ноғаев, қалалық полиция қызметкерлері Ербол Сейтмағамбетов пен Бағдат Нарықпаевтың орындауында музыкалық нөмірлер шырқалды.
"Нұр Отан" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Ысқақов, Тілдерді оқыту орталығының басшысы Жанна Джамбурчина, полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Қайрат Қадыров құттықтау сөздерін жеткізді. Барлығы қазақстандықтардың бірлігін дамытудың жаңа векторына айналған мемлекеттік тілдің маңыздылығын, олардың қоғамдағы топтастырушы күшін атап өтті.