Қаланы абаттандыру бойынша кеңес

Қаланы абаттандыру бойынша кеңес

Қаланы абаттандыру бойынша кеңес

Бүгін қала әкімі Қ.Х. Испергенов ПИТК төрағалары мен коммуналдық кәсіпорындар басшыларының қатысуымен қаланы абаттандыру жөнінде кеңес өткізді. Кездесу бұрынғы «Айгүл» кинотеатрының жаңартылған залында өтті. Қазір мұнда жастар ресурстық орталығы орналасқан. Талқыланған мәселелердің қатарында қаланың контейнерлік тұрақтарының жағдайы да бар. Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділеріне қатысты жағдай әлі де күрделі болып қалуда, осы проблемалық мәселені шешу жолдары талқыланды.
Әкімдік облыстың басқа қалаларының, атап айтқанда Лисаков және Жітіқара тұрғындарымен қоқыс шығаратын компаниялардың жұмыс тәжірибесін зерттеді. Бұл қалаларда өзіндік жұмыс жүйесі құрылды, онда барлық мүдделі тараптар өз міндеттемелерін нақты орындайды.
Горняцк кентінде де қоқыспен байланысты жағдайды тұрақтандыру бойынша жоспарлы жұмыстар жалғасуда. Естеріңізге сала кетейік, екі қоқыс шығарушы компания табыстылығы төмен болғандықтан халыққа қызмет көрсетуден біржақты бас тартты. Қостанай ауданынан басқа қызмет көрсетуші табылды. Кенттік ПИТК-мен осы қызметке шарт жасасу қажеттілігі туралы тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жеке сектор тұрғындары бойынша проблемалық мәселелер бар, бірақ оларды Горняцкий әкімдігі пысықтайды. Кенттегі контейнерлік тұрақтарға бейнебақылау орнату жоспарда бар.
Полиция қызметкерлері абаттандыру бойынша, атап айтқанда, ҚР Әкімшілік кодексінің 505 және 434-баптары бойынша бұзушылықтарды пысықтауда. Осы жылдың басынан бастап 505-бап бойынша 505 адам жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 5 млн.теңгеден астам айыппұл салынды. 434-бап бойынша қоғамдық орындарды ластағаны үшін полиция қызметкерлері 534 адамды тартты. 6,7 млн. теңге сомасына айыппұл салынды. «Қауіпсіз аула» бағдарламасы аясында тағы да қосымша 30 камера орнатылды, бұл проблемалық контейнерлік тұрақтарды бейнебақылаумен қамтуды одан әрі қамтамасыз етті. Бұзушылық фактілері 109 бірыңғай диспетчерлік орталығында тіркеледі және тексеру үшін полиция басқармасына жіберіледі.

109 қызметінің жұмысы басталғаннан бері мұнда 9 мыңнан астам өтініш келіп түсті, олардың көпшілігі тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелерімен байланысты.

Мұндай кездесулер жалғасады. Контейнерлік тұрақтардың жағдайы тұрақты бақылауда. ПИТК төрағаларымен диалог жолға қойылды, ол халықтың проблемалық мәселелерінде жедел шешімдер табуға мүмкіндік береді.