Рудный мен Қашар тұрғындары арасында жеңімпаздар анықталды

Рудный мен Қашар тұрғындары арасында жеңімпаздар анықталды

Рудный мен Қашар тұрғындары арасында жеңімпаздар анықталды

Бүгін тікелей эфирде осы жылдың 1 тамызы мен 14 қазаны аралығында Рудный және Қашар вакцинацияланған тұрғындары арасында жүлделер ұтыс ойыны өтті. Рудный № 1 және 2 емханаларының, сондай - ақ Қашар ауруханасының ұсынылған деректер базасына сәйкес ұтыс ойынына 21 266 адам түсті, оның ішінде 63+ - 1508 адам. Естеріңізге сала кетейік, қала зейнеткерлері арасында 5 микротолқынды пеш ойнатылды. Ұтыс ойынына жүлделерді «Аманат» сауда үйі, «Арасан» фирмасы және қала ардагерлер кеңесі ұсынды. Ұтыс кездейсоқ сандарды таңдау арқылы арнайы бағдарламаның көмегімен өткізілді.

Бас жүлде – Тоңазытқыш Осиевский Игорь Борисовичке бұйырды (вакцинациялау орны – № 1 емхана). Екінші бағалы сыйлық – Samsung теледидары Петров Демьян Леонидович (№1 емхана) жеңіп алды. Кір жуғыш машина-автомат Кочетова Ирина Николаевнаға (№2 емхана), ал мультиварка Чаховский Илья Васильевичке (№2 емхана) бұйырды.

Микротолқынды пештердің ұтыс ойынына келер болсақ, олар келесі қатысушыларға барды: Ефимов Сергей Васильевич (№1 емхана), Корягина Людмила Викторовна (№1 емхана), Филимонова Валентина Николаевна (қашар ауруханасы), Маскаева Наталья Михайловна (№2 емхана) және Халезина Ольга Михайловна (№1 емхана).

Ұтысқа қатысушылар өз жүлделерін дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-дан 18.30-ға дейін Ленина 95, Рудный қаласы әкімдігі, 220 кабинеттен ала алады. Өзімен бірге жеке куәлігі болуы тиіс. Қосымша ақпаратты 4 53 31 телефоны арқылы алуға болады.