Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат 2021 жылғы 23 қыркүйек

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат   2021 жылғы 23 қыркүйек

Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат

2021 жылғы 23 қыркүйекте Қостанай облысында COVID-19-дың 104 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0, 3 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 33, Қостанай ауданы – 11, Рудный қаласы және Б.Майлин ауданында – 9, Денисов және Қарабалық аудандарында – 8, Лисаков қ. – 7, Әулиекөл ауданы – 6, Жітіқара қ. – 5, Арқалық қ. – 4, Қарасу ауданы – 4.
95 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 7 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 2 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 95 адамда ауру белгілері болды, 9 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 23 қыркүйек аралығында COVID-19-дың 32 703 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 28 620.
Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 315 512 адам, екінші компонентпен 280 907 адам вакцинацияланды.