Жаңа спорт алаңы туралы

Жаңа спорт алаңы туралы

Жаңа спорт алаңы туралы
Бүгін Қашар көшесі, 41 үйдің ауданында спорт алаңының ашылуы өтті. Ол аалаң шағын футбол мен волейболға арналған. Алаң демеушілік ақшаға салынған. Оның құрылысымен «М-Сервис» ЖШС айналысты, ол жобаға 7 млн.теңгеден астам қаржы салды. Алаң «Рудный -2017» спорт клубының балансына беріледі. Мұнда барлығы қатыса алады, оның ішінде клубтың жас футболшыларының жаттығуларын өткізу жоспарлануда.
Жаңа спорт алаңының көлемі-10 х 20 метр. Нысан жарықпен жабдықталған, бұл сабақтарды кейінірек өткізуге мүмкіндік береді. Бейнебақылау орнату жоспарлануда. Алаң құрылысы кезінде аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Оған «АБЗ+» ЖШС және «Рахат-2018» ЖШС көмек көрсетті.
Қазір мұндай спорт алаңы 20 шағын ауданда, «Дока-хлеб» дүкенінің жанында орналасқан. Ол «ССКӨБ» АҚ пен Қостанай облысы әкімдігі арасындағы меморандум аясында салынды.
Бұған дейін қала бойынша 5 спорт алаңы, Қашарда 2 спорт алаңы салынды. Ауылда волейбол алаңының құрылысы аяқталуда. Онда баскетбол және шағын футбол ойнауға болады.
Ленин 195 ауданында тағы бір алаңның құрылысы басталды . Мұнда абаттандыру жұмыстары басталды. Мұның барлығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында жасалды.
Балалар алаңдарына келетін болсақ, биыл Рудныйда тағы 16 ойын алаңы салынды. Қашар кентінде саябақты абаттандыру аясында бір балалар алаңы салынды.