«Бастау бизнес» жобасының тыңдаушыларына арналған микрокредиттер туралы

«Бастау бизнес» жобасының тыңдаушыларына арналған микрокредиттер туралы

«Бастау бизнес» жобасының тыңдаушыларына арналған микрокредиттер туралы
Бүгін Қостанай облысы әкімінің орынбасары А.Т. Әбеновтің басшылығымен өңірдің қалалары мен аудандары әкімдерінің қатысуымен кеңес өтті. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру барысы қаралды, атап айтқанда оның екінші бағыты – «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге шағын несие беру. Осы мақсаттарға облыстық бюджетте Қостанай облысында кәсіпкерлік қызметтің барлық түрлеріне кредит беру үшін 1 млрд.теңге бөлінді. «Бастау бизнес» жобасының сертификатының болуы міндетті шарт болып табылады. Осы бағыт бойынша Рудныйға 101 млн.теңге бөлінді.

Қыркүйек айында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу тобына қосымша қабылдау өтті. Келесі екі ай ішінде осы қатысушылар бойынша 30 млн.теңгеге жуық сомаға өтінімдер дайындау жоспарлануда. Сонымен қатар, өткен жылдардан бастап «Бастау бизнес» тыңдаушыларының бизнес-жобалары қарастырылуда. Сертификаттарды беру мерзімі мен уақыты бойынша шектеулер жоқ. «Атамекен» ҰКП Рудный өкілдігімен бірлескен жұмыс жүргізілуде. Одан әрі микрокредит беру үшін қатысушылардың тізімі пысықталуда.