Қостанай облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат
2021 жылғы 13 қыркүйекте Қостанай облысында COVID-19-дың 156 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0, 5 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. - 80, Рудный қ. - 22, Денисов ауданы – 10, Лисаков қаласы, Әулиекөл және Қостанай аудандарында 9 – дан, Б.Майлин ауданы – 5, Қарабалық және Қарасу аудандарында 4 – ден, Сарыкөл ауданы – 2, Қамысты және Федоров аудандарында – 1.
138 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 17 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 1 жағдай профилактикалық мақсатта ауруханаға жатқызу алдында тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 145 адамда ауру белгілері болды, 11 адам – белгілерсіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 13 қыркүйек аралығында COVID-19-дың 31 486 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 27 358.
Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 309 839 адам, екінші компонентпен 268 275 адам вакцинацияланды.