Жылыту маусымына дайындық туралы

Жылыту маусымына дайындық туралы

Жылыту маусымына дайындық туралы

Жаңа жұмыс аптасы Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетовтың басшылығымен өңірдің қалалары мен аудандары әкімдерінің қатысуымен өткен кеңестен басталды. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды – облысты жылу беру маусымына дайындау және мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру.

Жалпы, Қостанай облысы жаңа жылыту маусымына дайын. Проблемалық мәселелер жоқ, бірақ халықтың коммуналдық қызметтер үшін 600 млн.теңгеден астам қарызы бар. Тек Рудный бойынша «Рудный жылу желілері» алдындағы берешек шамамен 145 млн.теңгені құрайды. Қала жылу беру маусымына дайын. Барлық ПИТК дайындық паспорттарын алды. Бірінші болып қаланың әлеуметтік нысандары жылу алады. Коммуналдық қызметтер үшін берешекті азайту, жылу беру маусымының тұрақтылығы мен сапасын қамтамасыз ету бойынша халықпен жұмысты белсенді жүргізу тапсырылды.

Бұдан әрі мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру барысы қаралды. Қостанай облысында 118 бұқаралық ақпарат құралы халыққа ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Халықтың ақпараттық өнім сапасына қанағаттану деңгейі 84% - ды құрайды. Мемлекеттік ақпараттық саясат ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы тиімділігінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Облыс әкімі А. Б. Мұхамбетов азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша жергілікті билік органдары қабылдайтын шаралар туралы халықты хабардар етуді қамтамасыз етуге тапсырма берді.