Мобильді егу пункті

Мобильді егу пункті

Құрметті рудныйлықтар!

Мобильді егу пункті осы аптада «Бақ-Бақ» базары ауданында жұмыс істейтініне назарларыңызды аударамыз.

Жұмыс уақыты 12.00-ден 16.00-ге дейін.
Естеріңізге сала кетейік, 1 тамыз бен 1 қазан аралығында Рудный қаласы мен Қашар кенті бойынша вакцинацияланғандардың арасында (вакцинациялау паспортымен) бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Олардың қатарында тоңазытқыш, теледидар және кір жуғыш машина бар.

Қалада 5 егу пункті бар: № 1 және 2 емханаларда, Қашар ауруханасында, Ленин көшесі 31 мекен-жайында шағын емханада және "Евразия" медициналық орталығында (Парк,49).

Сіз өзіңіздің тіркеуіңізге қарамастан кез-келген емханада вакцинациялай аласыз. Азаматтық жауапкершілік танытуды және вакцинациядан өтуді сұраймыз.
#вакцинацияРудный