ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНЕ ҚОСЫЛУ ТУРАЛЫ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРГЕ АҚПАРАТ

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНЕ ҚОСЫЛУ ТУРАЛЫ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРГЕ АҚПАРАТ

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНЕ ҚОСЫЛУ ТУРАЛЫ КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРГЕ АҚПАРАТ

 

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті кәсіпкерлердің назарына Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 327 бұйрығымен энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосылу қағидалары (бұданәрі - Қағидалар) бекітілгенін жеткізеді.

Осы Қағидалар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және энергияберуші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосылу тәртібін анықтайды.

Қосылу үшін өтініш беруші осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрқуатын беретін ұйымдардың электр желілеріне кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын технологиялық қосуға өтінім береді.

Қағидалардың талаптары 200 кВт-қа дейінгі кәсіпкерлік субъектілерінің электрмен жабдықтау объектілеріне ғана қатысты екенін ескеру қажет.

Қағидалармен желілерге технологиялық қосылу электржелілік ұйыммен шарт жасасу арқылы жүзеге асырылатындығы қарастырылған. Технологиялық қосылу үшін энергия беруші ұйым өтінім берушімен электр қуатын беру ұйымдарының электр желілеріне шаруашылық жүргізуші субъектілердің белгіленген қуаты 200 кВт дейінгі электр қондырғыларын технологиялық қосу туралы шарт жасасады.

Осындай келісім жасалғаннан кейін тұтынушы электр энергиясына қол жеткізудің барлық техникалық және құжаттық нәзіктіктерімен айналысудың қажеті болмайды. Энергия беруші ұйым өзінің электр желілеріне технологиялық қосылуды жүзеге асыруға міндеттеме алады, ал шаруашылық жүргізуші субъект технологиялық қосылуға шығындарды төлеуге міндеттенеді. Барлық қажетті іс-шараларды (техникалық құжаттаманы ресімдеу, құрылыс жобасын жасау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу, сынақтар жүргізу және т.б.) электр желісі ұйымы басынан бастап тұтынушының электр қондырғыларына электр энергиясын беруге дейінгі өзіне алған міндеттемелер шеңберінде жүргізетін болады.

Сонымен қатар, тұтынушы барлық жұмысты өз бетінше орындайтын кездегі қолданыстағы механизм де заңды болып қалады және таңдау құқығы тұтынушыда қалады.

Қағидалардың 3 тармағына сәйкес технологиялық қосылу келесі жағдайларда жүзеге асырылады:

1) жаңадан іске қосылатын немесе қайта жаңартылатын электр қондырғыларын қосу;

2) ең жоғары қуаты 200 кВт-қа дейін ұлғайтылатын бұрын қосылған электр қондырғыларын;

3) сыртқы электрмен жабдықтау схемасын өзгерту;

4) электр қондырғыларын электрмен жабдықтау сенімділігі санатының өзгеруі;

5) электр қондырғыларын қосу нүктесінің өзгеруі.

Тұтынушылардың назарына, өтініш беруші салынған электр желілерін «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-тарауына сәйкес электр беруші ұйымнан қабылдауға жауапты.

Электр желілеріне қосылу кезінде туындайтын тұтынушылардың құқықтарын бұзутуралы,барлық мәселелері бойынша«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ 8-(7142)-50-02-60 телефон арқылы немесе Қостанай қ., Гоголь көш., 75 үй, 219кабинеті мекен-жайы бойынша хабарласуға болады