Көшпелі кеңес

Көшпелі кеңес

Көшпелі кеңес

 

Бүгін Рудный қаласының әкімі Қ.Х. Испергенов коммуналдық қызмет басшыларының, ПИТК төрағаларының, полиция қызметкерлерінің қатысуымен көшпелі кеңес өткізді. Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды: қаланы жылыту маусымына дайындау, ПИТК қарапайым серіктестіктерге (ҚС)  немесе мүлік иелері (МИБ) бірлестігіне ауысуы, вакцинация, қоқыс мәселесі.

Бірінші мәселе бойынша дайындық паспорттарын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Қаланың әлеуметтік нысандарының барлығы дерлік аталған құжатты алды. ПИТК тұрғын үй инспекциясымен дайындық паспорттарын алуды пысықтауы тиіс.

ПИТК  ҚС-ке немесе МИБ-ке өтуіне келетін болсақ, соңғы мәліметтер бойынша қалада 103 ҚС және 3 МИБ рәсімделген. ПИТК төрағаларына ауысу туралы ұсыныстар мен кеңестер бірнеше рет берілді.  ПИТК меншік нысаны ретінде 2022 жылдың шілдесіне дейін әрекет етеді, содан кейін пәтер иелерінің кооперативтері жойылады.

Қала әкімі тағы да коммуналдық қызметтер мен ПИТК басшыларына қызметкерлерді вакцинациялау қажеттілігі туралы үндеу жасады. Бұл Covid-19 ауруының өсуі жағдайында қажет.

Проблемалық мәселелердің бірі - контейнерлік тұрақтардың жағдайы, дәлірек айтқанда, алаңдардың жанындағы рұқсат етілмеген қоқыстар.  Полиция қызметкерлері 505 - бап «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидасын бұзу» бойынша 400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты, 434-бап «Жалпы пайдалану орындарын ластау» бойынша 378 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

109 қызметі (Бірыңғай диспетчерлік орталық) «Қауіпсіз аула» бағдарламасы шеңберінде үй маңындағы аумақтарға мониторинг жүргізеді. Полицияға 137 бейнефактілері жіберілді. Олар бойынша жалпы айыппұл сомасы 1,5 млн.теңгеден асатын  ҚР Әкімшілік кодексінің 505-бабы бойынша ескертумен 14 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама және 434-бабы бойынша 54 хаттама жасалды. Жергілікті полиция қызметі бөлімімен жұмыс жүргізілуде, бірақ әзірге оң нәтижелерге қол жеткізілген жоқ. Бұдан басқа, біздің адамдардың қоқысты кәдеге жаратуға қатысты мәдениеті төмен күйінде қалып отыр. Қоқыс үйінділерінде тек жиһаз ғана емес, сонымен қатар ПИТК сметалары, дүкен қораптары, құрылыс қоқыстары бар.

Сондай-ақ, Ленин, 50 лет Октября, Корчагин, Қашар, Парковая көшелері және автовокзал ауданында рейд жүргізілді. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары қоқыс шығаратын компания өкілдеріне өз сұрақтарын қойды.

 

Соңғы аптада «Рахат-2018» ЖШС күшімен 20-ға жуық рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жиналды. Қазіргі уақытта жалпы пайдалану орындарында абаттандыру бойынша ашық конкурс жарияланды. Жұмысты күшейтіп, барлық мүдделі тараптарға бірігу керек.