Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен кәсіпкерлерді қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларын қамтитын «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі-бағдарлама) бекітілді, олардың бірі гранттық қаржыландыру болып табылады.
Мемлекеттік гранттар шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге, экономиканың басым секторларындағы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін беріледі.
2021 жылғы 26 шілде мен 4 тамыз аралығындағы кезеңде субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы Qoldau.kz мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлерден өтінімдер қабылдау жүзеге асырылатын болады.
Толық ақпарат алу үшін «Рудный қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» ММ - не 4-56-52 телефоны бойынша хабарласыңыз, мекенжайы- Космаонавтов д-лы, 12; 321 кабинет.