Горняцк кентінде қоныс аударып көшіп келген Өзбекстандық қандастарымызбен кездесі

Горняцк кентінде қоныс аударып көшіп келген Өзбекстандық қандастарымызбен кездесі

Қазақстан Тәуелсіздігін алған 30 жылдың ішінде Рудный қаласы мен оның айналасындағы елді мекендерге 16 мыңнан астам этникалық қазақтар келіп қоныстанды. Атамекенде олар елмен бірдей еңбек етіп, өсіп-өніп отыр. Жақында облыстағы «Ұлы дала ұрпақтары. Қостанай» атты қоғамдық бірлестік төрағасы Нұржан Ермағамбетов, осы бірлестік төрағасының орынбасары Гүлжәмила Сүндетбаева, облыстық мешіттің бас имамы Бақытбек қажы Тәжімбет және ішкі және сыртқы көші-қон бойынша ерікті Нәзира Жәрімбетова Рудный қаласына қарасты Горняцкий поселкесінде болып, сонда Өзбекстаннан қоныс аударған ағайындармен кездесті.

Қазір Горняцкий поселкесінде 247 түтін бар, оларда 1355 адам тұрады. Олардың тең жартысын Өзбекстаннан көшіп келген ағайындар құрайды. Қазақ мектептерінің көбеюі ағайындардың атамекенге келуімен тікелей байланысты.

Сонымен қатар, кездесуде көшіп келген ағайындарға қатысты әлеуметтік мәселелер жөнінде жергілікті атқару органдары мен үкіметтік емес ұцйымдар тізе қосып, жұмыс істеуге пәтуаласты.