Қостанай облысындағы коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат 2021 жыл 09 маусым

Қостанай облысындағы коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайы туралы ақпарат 2021 жыл 09 маусым

2021 жылғы 09 маусымда Қостанай облысында COVID-19-дың 35 жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,21 % құрады.

Ауырғандар:

Қостанай қ. - 19,
Рудный қ. - 5,
Әулиекөл ауданы – 4,
Жітіқара, Қарабалық және Мендықара аудандарында 2-ден,
Амангелді ауданында - 1.

29 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 6 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған.

Індет жұқтырғандардың ішінде 30 адамда ауру белгілері болды, 5 адам – белгілерсіз.

Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2021 жылғы 09 маусым аралығында COVID-19-дың 16086 жағдайы тіркелді.

Емделіп шыққан адамдардың саны – 15485.