Бүгін қала активінің жиналысы өтіп, бірнеше негізгі мәселелер қаралды

Бүгін қала активінің жиналысы өтіп, бірнеше негізгі мәселелер қаралды

Бүгін қала активінің жиналысы өтіп, бірнеше негізгі мәселелер қаралды. Атап айтар болсақ: халық арасында вакцинаның егілуі, «Ашық» қосымшасының ендірілуі, бақылау топтарының жұмысы, қаланы абаттандыру, мектептер мен балабақшалардағы жөндеу жұмыстары, сонымен қатар ҰБТ және жазғы балалардың демалысы.
Жиналыс қызметтік тағайындаулардан басталды. «Тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы қызметіне М.Р. Исмагулов, «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы қызметіне Е.В. Скаредина тағайындалды.
Біздің қалада вакцинаның егілу деңгейі айтарлықтай төмендеді. Егер, екпе басталған ең қауырт күндерде COVID-19 вакцинасына мыңға жуық адам екпе алуға жүгінген болса, қазір 150 адамдай ғана. Сонымен қатар, халықтың 70 пайызы жаппай вакцинаға егілген жағдайда ғана, иммундау өтеді және инфекция жұғу деңгейі айтарлықтай төмендейді.
10 маусымдағы жағдай бойынша шамамен 14,7 мың адам вакцина қабылдады. Вакцинация коронавирустық инфекцияға қарсы тұрудың жалғыз жолы болып қалатынын түсінуіміз керек. Өкінішке орай, мұны бәрі бірдей түсіне бермейді. Әсіресе білім беру ұйымдарындағы вакцина егілу деңгейі төмен болып қалып отыр. Бұл жаңа оқу жылының басталуымен сырқаттанушылықтың өсуіне қауіп төндіреді.
Қалада 6 вакцина егу орталығы бар. Емханаларда вакциналардың барлық түрлері бар.

10 бақылау тобы қоғамдық орындарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қадағалау жұмысын жалғастыруда. Ағымдағы жылдың маусым айының алғашқы онкүндігінде 11 заң бұзушылық тіркелді.

«Ashyq» жүйесінде 66 кәсіпкерлік нысаны тіркелген, тағы 7-сі мәртебесін күтуде.
Қаланы абаттандырудағы басты проблемалық мәселе - қоқыс жағдайы. 109 Бірыңғай диспетчерлік орталығы қоқыстың бей-берекет шашылып тасталуы туралы 102 видео фактісін тіркеді. Барлық істер полиция басқармасында қаралады.

Қазіргі уақытта қоқыс контейнерлерінің аумағы мен контейнерлерге апарар жолдарды асфальттау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «Қауіпсіз аула» бағдарламасы аясында қосымша камералар орнатылады. Өңірдің басқа қалаларында қоқысты шығару тәжірибесі зерделенуде.

Рудныйда ірі жобаларды іске асыру жалғасуда. Атап айтсақ: коллектор салу, шағын аудандарды газдандыру, жолдарды жөндеу, үйлер салу, ФЗО-да су беруді қайта жөндеу, Қашар кенті мен Рудный қаласындағы жылу желілерін қайта салу жалғасуда.

Мектептерді жөндеу мәселесіне келер болсақ, қазір №18 орта мектепте күрделі жөндеу жұмыстары белсенді жүргізілуде: Қоршау орнатылып, сумен және жылумен жабдықтау жүйелерімен жұмыс жүргізіліп, ғимараттың қасбетін қалыңдатып жылыту жұмысы жалғасуда.

№ 11 және 3 мектептер мен № 5 балабақшада ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Чайка» және «Орлёнок» балалар жазғы лагерлерін дайындау жұмыстары жүргізілуде. Жұмысты 3 ауысым бойы ұйымдастыру жоспарлануда.

Кейбір мәселелер егжей-тегжейлі талданды. Барлық мәселелер бойынша күн сайын жұмыс істеу жайлы тапсырмалар берілді. Халыққа вакцина егу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аударылады.