Назар аударыңыздар: Конкурс!

Назар аударыңыздар: Конкурс!

Назар аударыңыздар: Конкурс!

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жыл сайынғы «Парыз» атты конкурс өткізеді. Конкурстың негізгі мағынасы – бизнес құрылымдардың қазақстандықтардың әл - ауқатын жақсартуға және елдің дамуына қосқан үлесін жариялау, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жариялау болып табылады.

Министрлік жанындағы комиссия ұсынылған материалдар негізінде жеңімпаздарды анықтайды және келесі номинациялары бойынша конкурс лауреаты атағын беру жөнінде шешім қабылдайды:

«Еңбек қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» - еңбек жағдайларын  жақсартуға бағытталған үміткерлердің жұмысын қаралады.

«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» - бұл номинацияда өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (жалақы мен  әлеуметтік төлемдерді, еңбек қорғауды, кадрларды кәсіби даярлау мен  қайта даярлауды ұйымдастыру, жаңа жұмыс орындарды ұйымдастыру және т.б.)  жүзеге асыратын үміткерлердің қызметі қаралады.

«Үздік ұжымдық шарт» - номинациясында Қазақстан Республикасының заңнамасымен  ескерілген жұмыскерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын айтарлықтай жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.

«Қоршаған ортаға қосқан үлесі үшін» - үміткерлердің экологияға қосқан үлесіне бағытталған  әрекеті  қаралады.

        Конкурсқа өз аумағының инфрақұрылымы мен әлеуметтік-мәдени саласының дамуына елеулі үлес қосатын жұмыс берушілер және әлеуметтік бағдарланған бизнес - құрамаларының өкілдері қатыса алады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» қаулысымен бекітілген бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жыл сайынғы «Парыз» конкурсын өткізу қағидалары adilet.zan.kz сайтында орналастырылған.

Конкурсқа қатысуға арналған  өтінімдер Пионер көшесі, 21 мекенжайы бойынша орналасқан «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нде № 26 кабинетте қабылданады, қосымша ақпаратты 2-44-92 телефоны арқылы алуға болады.

Қаланың жұмыс берушілеріне осы Конкурсқа қатысуды ұсынамыз.