Рудныйда COVID-19 қарсы жаппай вакцина егу басталды
Қаламыздың тұрғындары арасында вакцинаға егілу жаппай қарқын алуда. Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап Рудный қаласының екі емханасы КВИ қарсы егу науқанына қатысуда. Вакцинаға егілуді қалайтындар өздерінің қандай емханаға тіркелгендеріне қарамастан, кез-келген медициналық мекемеге хабарласып, вакцинаға егіле алады.
№ 1 емханаға 5-37-87 телефоны арқылы немесе eGov электронды үкіметі сайты арқылы жазыла аласыз.
Вакцинация кабинеті емханада сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күні сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді.
Зертхана ғимараты - Корчагин көшесі, 162 «А». Жұмыс уақыты сағат 12.00-ден 18.00-ге дейін.
№ 2 емханаға тіркелу колл орталығының 9-44-44 телефоны арқылы, сондай-ақ электрондық үкімет порталы, тіркеу бөлімшесі және учаскелік қызмет арқылы жүзеге асырылады.