Бүгін Қостанай облысының әкімі А. Б.Мұхамбетовтың басшылығымен білім басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.
⠀
Алқа мәжілісінде біздің облыстағы білім беруді дамыту мәселелері, міндеттері мен болашағы қарастырылды. Мәжіліс барысында пандемия кезінде қашықтықтан оқыту жағдайында жұмыс істеу тәртібін өзгерткен мектептерге сапалы білім беру міндеті қойылды. Оқу жылының соңында мектептер жөндеу жұмыстарына дайындалады. Биыл 46 білім беру нысандарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұған 4 миллиард теңге бөлінген.
⠀
Рудныйға келетін болсақ, биыл №18 орта мектепке күрделі жөндеу жұмысы жүргізілмек. 20 сәуірде жөндеу жұмыстары басталды. Жөндеу жұмысымен «Торгстроймонтаж» ЖШС құрылыс компаниясы айналысады. Коммуналдық жүйелер, қабырғалар, терезелер, шатырлар және т.б толық ауыстырылады. Мектеп аумағын абаттандыру да жоспарлануда. Жоба бойынша жұмыс 8 ай ішінде аяқталуы керек. Мектеп оқушылары жаңа оқу жылын жаңартылған мектепте бастауы үшін мердігерге жұмыс қарқынын үдетіп, 6 ай ішінде жөндеу жұмыстарын аяқтау тапсырылды.
Рудный қаласының өзге білім беру мекемелеріне ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
⠀
Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудағы жетістіктер кластері ретінде материалдық-техникалық база мәселесі де талқыланды. Кәсіпорындардың колледждермен бірлескен жұмысы білікті кадрларды сапалы даярлауға мүмкіндік береді.
Рудный қаласының кәсіпорындары дуалды оқыту жүйесіне белсене қатысады. Мысал ретінде біз «ССКӨБ» АҚ мен «Рудныйсоколовстрой» АҚ-ның жұмысын айта аламыз. Атап айтсақ, «ССКӨБ», «Рудныйсоколовстрой» АҚ біздің қаламыздағы колледждермен бірлесе жұмыс жасап, өндіріске қажетті кадрларды мақсатты даярлау жүзеге асырады.
⠀
Қостанай облысының әкімі А.Б. Мұхамбетов білім беру саласына жүктелген міндеттердің маңыздылығын тағы да атап өтті. Өңір басшысы мектептерді білім беру ұйымдары желісін кепілдендірілген мемлекеттік нормативке сәйкестендіру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.