Қостанай облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қостанай облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қостанай облысының бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

 

Коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары мынадай адамдарды КВИ - ға қарсы вакцинациялаумен қамтамасыз ету (басымдық бойынша):

КВИ-ға қарсы вакцинациялауға жататын Контингент:

инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық көмектің, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қабылдау бөлмелерінің медициналық персоналы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері;

ұлттық халық санағын өткізу үшін педагогтер, интервьюерлер;

учаскелік полицейлер, төтенше жағдайлар қызметінің, Қорғаныс, Ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің, сот органдарының қызметкерлері;

медициналық-әлеуметтік мекемелердің персоналы мен контингенті және жабық балалар мекемелерінің персоналы;

Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық, консулдық мекемелердің қызметкерлері болып табылатын мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан Республикасының азаматтары, ұлттық құрама командалардың мүшелері;

ҚАЖ мекемелерінің персоналы;

әуежайлардың, теміржол және автомобиль вокзалдарының персоналы;

студенттер;

созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-тамыр жүйесі);

65 жастан асқан тұлғалар;

өндірістік кәсіпорындардың, фабрикалардың, акционерлік қоғамдардың, бизнес құрылымдардың және т. б. қызметкерлері;

консалтингтік компаниялардың, бірлестіктердің, кеңсе ұйымдарының, банк және қаржы құрылымдарының қызметкерлері және т. б.;

ҚАЖ мекемелеріндегі адамдар (тергеуге алынғандар, айыпталушылар, сотталғандар);
басқа тұлғалар (тізбеге енбеген);

басқа тұлғалар (тізбеге енбеген).