Ғарышкер күні - адамзат баласының Халықаралық ғарышқа ұшу күні

Ғарышкер  күні -  адамзат баласының  Халықаралық  ғарышқа  ұшу  күні

Ғарышкер күні - адамзат баласының Халықаралық ғарышқа ұшу күні

1961 жылы 12 сәуірде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Юрий Гагаринмен бірге «Восток-1» ғарыш кемесі ұшырылды, бұл адамзат тарихындағы алғашқы ғарыштық ұшу күні. Әлемде бұл күн БҰҰ Бас ассамблеясының бастамасымен Халықаралық ғарышқа ұшу күні болып жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Юрий Гагариннің алғашқы ұшуынан осы кезге дейін әлемнің 40-тан астам елінен 500-ге жуық адам ғарышқа ұшты.

Кеңес ғалымдары мен ғарышкерлерінің арасында Қазақстанмен тығыз байланыста болған адамдардың бар болғаны баршамызға белгілі.
Бірақ ғарышқа ұшқан алғашқы этникалық қазақ - Тоқтар Әубәкіров. Тұңғыш қазақ ғарышкері қатысқан космосқа ұшу сапары КСРО үшін аса маңызды кезең, яғни мемлекеттің ыдырап жатқан кезі еді. Сол себепті, Тоқтар Әубәкіров космосқа ұшқан соңғы (72-ші) кеңес ғарышкері болды.
Талғат Мұсабаев ғарышты бағындырған екінші ғарышкер болғанымен, тәуелсіз республика атынан космосқа ұшушы бірінші ғарышкер. Ол сондай-ақ ашық кеңістікте жұмыс істеген алғашқы қазақ ғарышкері еді.
Ғарышқа ұшқан үшінші қазақ - бұл Қазғарыш ұлттық ғарыш агенттігінің алғашқы өкілі Айдын Айымбетов.
Қазақстанның алғашқы ғарышкерлері өз Отанында тұрып, ғылыми жұмыстарын жалғастырып, елдің озық индустриясының дамуына қызмет етуде.