БЖЗҚ мобильді қосымшаны жаңартты

БЖЗҚ мобильді қосымшаны жаңартты

БЖЗҚ мобильді қосымшаны жаңартты

 

Салымшыларға ыңғайлы болу және зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану мен басқарушы компанияларға аударудың жаңа мүмкіндіктерін ескере отырып, БЖЗҚ 2021 жылдың басынан бастап ұялы қосымшасын жаңартты.

Қосымша Қордың клиенттеріне арналған және оның қызметі туралы өзекті ақпаратты, сондай-ақ, зейнетақы шотының жай-күйі туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді алуға мүмкіндік береді.

ENPF мобильді қосымшасын Android және IOS базасындағы кез келген смартфонға немесе планшетке тегін жүктеп алуға болады. Авторлану үшін логин мен пароль пайдаланылады, оның көмегімен салымшы/алушы Қор сайтындағы жеке кабинетіне кіреді. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін сервис қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Бұл бағдарлама автоматты түрде жаңартылады, егер сіздің смартфоныңыз жаңартуларды қабылдамаса, Play Market немесе App Store қосымшасын пайдалана отырып, оның жаңа нұсқасын жүктеу арқылы жасауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, мобильді қосымшаның көмегімен жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы анықтама, ЖЗШ-дан үзінді көшірме алуға, сізді қызықтыратын мәселе бойынша өтініш жіберуге, мобильді кеңсенің шығуына, кері қоңырауға тапсырыс беруге, өз деректемелеріңізге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақының болжанатын мөлшерін есептеуге болады. Сондай-ақ, ол арқылы шоттың жай-күйін бақылауға, зейнетақы жүйесіндегі барлық өзгерістер туралы білуге, БЖЗҚ-ның жақын жердегі кеңсесінің орналасқан жерін көруге, тіпті байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.

Бұған тағы да жаңа функциялар қосылды – енді БЖЗҚ-ның әрбір салымшысы мобильді қосымша арқылы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделуге не инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға аударуға пайдалану құқығын іске асыру үшін жеке зейнетақы шотындағы қаражатының жеткілікті екендігін біле алады. 

Смартфондарға арналған жаңартылған қосымшаның басты артықшылығы – оның «жеңілдетілген» нұсқа екендігінде. «Салмағы» қазір бұрынғыға қарағанда әлдеқайда аз: Android телефонына орнатқаннан кейін қосымшаның өлшемі - алдыңғы 384 Мб орнына 105 Мб, IOS - 300 Мб орнына 41 Мб болды. Google компаниясының Flutter платформасын қолдана отырып, жаңа нұсқа жасалды. Ол кең таралған және үлкен қауымдастықтың қолданысына ие, сонымен қатар көптеген кітапханалары мен мүмкіндіктері де бар, бұл қосымшаның көлемін азайтып, оның жауабын тездетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, пайдаланушы интерфейстің заманауи стандарттары бойынша толық қайта жобалау жүргізілді.

Бұл сервис салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарын тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн бақылауға мүмкіндік береді.

Қазақстандықтар ENPF ұялы қосымшасының ыңғайлылығын жоғары бағалады. Егер 2021 жылғы 1 қаңтарда қосымшаны Android-ке 988 000, IOS-қа 314 000 жүктеу іске асырылған болса, ағымдағы жылғы 24 наурызға қарай бұл деректер Android-ке – 1 430 000, IOS-қа – 387 000 жүктеуді құрады. Осылайша, қосымшаны пайдаланушылардың жалпы саны үш айға да толмайтын қысқа мерзім ішінде жарты миллионнан асты (немесе шамамен 40%).