«Жас-Қанат 2006» құс фабрикасына жұмыс сапарымен бару туралы

«Жас-Қанат 2006» құс фабрикасына жұмыс сапарымен бару туралы

«Жас-Қанат 2006» құс фабрикасына жұмыс сапарымен бару туралы
Жұмыс сапары жайлы қала әкімі Қ. Х. Испергенов әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
Бүгін жұмыс сапарымен «Жас-Қанат 2006» ЖШС құс фабрикасында болдым. Кәсіпорын жұмыртқа, тауық етін өндірумен айналысады. Өнімнің сапалығы көп жылдар бойы жоғары болып келеді.
Кәсіпорында 200-ден астам жұмыс орны құрылған. Жұмыс үрдісі толығымен автоматтандырылған. Соның арқасында жылдық жұмыртқа өнімін өндіру 250 миллион данаға жетсе, құс етін өндіру 500 тоннаға жетті.
Кәсіпорын басшысы Қ. Маишев фабриканың болашағы, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу туралы баяндады. Кәсіпорын ауылшаруашылық жәрмеңкелерінің тұрақты қатысушысы әрі облыстың тұрақтандыру қорын толтырумен айналысып келеді.