Новое штормовое предупреждение

Новое штормовое предупреждение

«Рахат-2018» ЖШС 18 ақпанда болған қолайсыз ауа райынан кейін көшелерді қардан тазарту жұмыстарын әлі де жалғастыруда. Бірақ, қазірдің өзінде қалалық коммуналдық қызметтер жаңа циклонның келуіне дайындала бастады.

«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамы бойынша Исландияның суық ауа массаларымен қоректенетін белсенді циклон Қазақстанға жақындап келеді. Осыған орай, Қазақстанның солтүстік жартысында қар жауып, боран соғады. Арт жақтан соққан арктикалық антициклон ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкеліп соғады.

2021 ж. 23-24 ақпанда Қостанай облысында қар жауады, 2021 жылдың 23 ақпанында кей жерлерде қатты қар жауып, бұрқасын соғады, солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, 15-20 м / с, кей жерлерде 23 -28 м / с жетіп, екпіні 30 м / с және одан жоғары болады.