Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақ белдеуінде бірде-бір өңір жоқ, деп хабарлайды zakon. kz.
22 ақпанда өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «сары» аймақ белдеуінде: Нұр-Сұлтан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары орналасқан.
Барлық басқа өңірлер жасыл аймақ белдеуінде. «Қызыл» аймақ белдеуінде ешқандай өңір белгіленбеген.