Неліктен газдың иісі шығады?

Неліктен газдың иісі шығады?

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ баспасөз қызметі магистральдық газ құбырларында жүргізілген диагностикалық жұмыстарға байланысты, жеткізуші табиғи газды жеткізу бағытын өзгерткенін хабарлайды. Одорантпен. (Сұйытылған газға ерекше иіс беру үшін оған қатты иісті заттар - одоранттар қосылады. Мысалы, этил меркаптандар) әрекеттескен кезде газ айқынырақ иіске ие болады. Бұл жағдай өңір тұрғындарын алаңдатты.
Осыған орай, тұрғылықты халыққа алаңдауға негіз жоқ екенін хабарлаймыз.

Дегенмен де, егер газдың иісі сезілсе - құбырдан газ шығып, апатты жағдай орын алмауы үшін 104 апаттан құтқару қызметіне, сондай-ақ келісім - шарт бойынша газ тұтынатын жүйелерге техникалық қызмет көрсететін мамандандырылған ұйымға хабарласу қажет.