Қашар кентінің әкімі Е. Ж. Сүлейменнің есеп беру кездесуі

Қашар кентінің әкімі Е. Ж. Сүлейменнің есеп беру кездесуі

Бүгін кент тұрғындарының қатысуымен Қашар кентінің әкімі Е. Ж. Сүлейменнің есеп беру кездесуі өтті. 2020 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, алдағы жылға жоспарлар анықталды.

Қазіргі уақытта Қашар кентінде 12 мыңнан астам адам тұрады. Кентте екі ірі жоба жүзеге асырылуда. Атап айтар болсақ: 72 адамды жұмыспен қамтитын су беру құбырын қайта жаңарту жобасы мен 81 адамды жұмыспен қамтитын жылу беру жүйесін қайта жаңарту жобасы.

Өткен жылы кентті абаттандыру бойынша қоғамдық жұмыстарға 56 адам қатысты. 16 отбасыға жәрдемақы түрінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Жалпы қамтуы 65 адамды құрайтын 17 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

2020 жылы кентті абаттандыру бойынша атқарылған жұмыстардың негізгі бағыттары: спорттық және ойын алаңдарын орнату, қыста жолдарды тазарту және оларды жазда күтіп ұстау, сонымен қатар көшелерді жарықтандыру, жөндеу мен т. б. жұмыстар.

Жұмыс істеу үшін Қашар кентіне 4 дәрігер оқу бітіріп келді. Оның үшеуі терапевт, біреуі педиатр. Барлық мамандар үймен қамтамасыз етілген. Жедел жәрдем қызметі заманауи реанимобильмен толықтырылды. Жергілікті дәрігерлерге көмек ретінде қажетті заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды.

2021 жылы Қашарда кентті абаттандыру, автомобиль жолдары мен квартал ішілік жолдарды жөндеу жұмыстарын жалғастыру, кенттегі апатты жағдайда тұрған объектілерді уақытша сақтау немесе бөлшектеп бұзуға қажетті іс - шараларды өткізу жұмыстары жоспарланып отыр.

Тұрғындардың сұрақтарының көпшілігі Қашар кентін абаттандыруға қатысты болды. Қойылған сұрақтарға Е. Ж. Сүлеймен тікелей эфирде жауап берді.