Біздің облысымызда COVID-19 ауруының өсуіне байланысты қала әкімі Қ. Х. Испергенов әлеуметтік желідегі өз парақшасына екі апталық мерзімге енгізілетін шектеулер туралы жазды

Біздің облысымызда COVID-19 ауруының өсуіне байланысты қала әкімі Қ. Х. Испергенов әлеуметтік желідегі өз парақшасына екі апталық мерзімге енгізілетін шектеулер туралы жазды

Бүгін Қостанай облысының әкімі А. Б. Мұхамбетов өңірімізде коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы тұру жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді.

Біздің облыс індеттің өршуіне байланысты қайтадан қызыл аймақ белдеуіне енді. Бір тәулік ішінде ғана КВИ індеттің 73 жағдайы тіркелді.

Жалпы, жаңа жылдың екі аптасында ауру саны 800-ден астам адамға жетті. Көбею коэффициенті деп аталатын коронавирустық инфекцияның таралуы - біздің облыста 1 бірлікті құрайды. Есепті динамикаға сәйкес, бір аптадан кейін облыстағы инфекциялық ауруханалардағы науқас жандар саны 100 % құрайды деген болжам бар.

Осыған орай, өңірімізде 2 апта мерзімге, яғни 2021 жылдың 1 ақпанына дейін шектеулер енгізу жоспарланып отыр. Алдағы уақыттағы іс-әрекеттер облысымыздағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Осыған орай, Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері енгізетін жаңа шектеулерді көрсететін жаңа қаулы әзірленуде.

Сонымен қатар, қалалар мен аудан әкімдеріне кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігін тексеретін мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру тапсырылды.
Атап айтар болсақ: бетперде тағу, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, залалдандырғыш ерітінділер мен қолғаптардың болуы, залалдандырғыш кілемшелердің және т.б. құрал-жабдықтардың бар болуы.

Шектеу шараларын сақтау қажет. Көңіл көтеру орталықтарының қызметіне, бұқаралық және отбасылық іс-шараларды өткізуге, 65 жастан асқан адамдардың қозғалысын шектеуге, дүкендердің жұмыс кестесін сақтауы және т.б. қызмет түрлеріне тыйым салынады.
Өкінішке орай, індет жойылған жоқ, ол әлі күнге дейін бізді қоршаған ортада таралуда.

Рудный тұрғындарына тағы да үндеу жасаймын.
Бетперде тағуды жалғастырыңыздар, қолдарыңызды залалдандырғыш ерітіндімен жиі өңдеңіздер, адамдар көп шоғырланатын жерлерден аулақ болыңыздар. Өздеріңізге және жақындарыңызға қамқорлық жасаңыздар.