2021 жылдан бастап әр жоғарғы оқу орны өз дипломдарын береді. Бұл туралы ҚР білім министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды «NewTimes.kz» АА.

2021 жылдан  бастап  әр  жоғарғы  оқу орны  өз дипломдарын  береді. Бұл  туралы ҚР білім министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды «NewTimes.kz» АА.

Шенеунік - қазақстандық жоғары оқу орындары үшін білім жетістіктерін сырттай бағалау үрдісін жойған заң нормалары туралы айтып берді.

Министр, бұл реформаның жоғарғы оқу орындарының академиялық тәуелсіздігінің кеңеюіне және білім беру бағдарламаларын дербес әзірлеу мүмкіндігіне ие болуларына байланысты екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, әр университет жеке ББ (білім бағдарламаларын) әзірлеген жағдайда, шәкірттердің білімін тексеретін бақылаулар алу мақсатсыз болып табылады.

Сондай-ақ, заңның жаңалығы - білім беру құжаттарының мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды, оларды есепке алу мен беру ережелерін анықтау болып табылады.

«2021 жылдан бастап-ақ әр ЖОО ұйымның брендіне айналатын өзіндік үлгідегі дипломдарды бере бастайды. Ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасына байланысты бұған студенттер өз қаржылары немесе грантпен дауыс береді», - деп түсіндірді министр.

Осылайша, мемлекеттік үлгідегі дипломдар енді болмайды.

Сонымен бірге, заңсыз немесе жалған білім беру құжаттарының берілуін болдырмау мақсатында, оларды сериялық нөмірлер бойынша есепке алу және жүйелеу үшін бірыңғай құрылым талаптары қамтамасыз етіледі.

Мысалы, Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесінде Болон процесінің талаптарына сәйкес деректемесі көрсетіліп берілген дипломдардың оның ішінде «Diploma Supllement» депозитарийі құрылады.