Жетінші шақырылған Рудный қалалық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы
хабарлама
2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Рудный қалалық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Рудный қаласы бойынша сайлаушылар тізіміне 85545 азамат енгізілді, оның ішінде 61956 адам немесе 72,4 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.
Дауыс беруге 61916 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 0 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде 353 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 3 саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде келесі дауыс саны берілді:
«Nur Otan» партиясы-48640 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 79,07 пайызы;
«Ақ жол»Қазақстанның демократиялық партиясы-12110 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 19,68 пайызы;
«ADAL» саяси партиясы-769 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,25 пайызы;
Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды келесідей бөлу белгіленді:
«Nur Otan» партиясы- 12
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 3
Рудный қалалықсайлау комиссиясы