Рудный қалалық комиссиясының 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен қалалық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауының алдын ала қорытындылары туралы
хабарлама
Алдын ала деректер бойынша Рудный қаласы бойынша сайлаушылардың келуі 72,4% құрады.
Қалалық мәслихат депутаттарын сайлауға 3 саяси партия қатысты: «Nur Otan» партиясы, «Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, «ADAL» саяси партиясы.
Алдын ала мәліметтер бойынша саяси партияларға дауыс берілді:
- «Nur Otan» партиясына сайлаушылар дауысының 79,07% берілді;
- «Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясына сайлаушылар дауысының 19,68 % берілді;
- «ADAL» саяси партиясына сайлаушылар дауысының 1,25 % берілді