Кодекстің «Шығарылымдардағы ластаушы заттардың құрамына арналған нормативтерінен (техникалық нормативтер) асатын автокөлік құралдарын және басқа да жылжымалы көлік құралдарын пайдалану» деген 334-бабына: Шулы дыбысты бәсеңдеткіштер мен лас газдар үшін автокөлік иелеріне бірінші рет ескерту немесе 10 АЕК (29,170 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салуды көздейді деген түзету енгізілді.
⠀
Жыл ішінде қайта заң бұзушылық орын алған жағдайда 20 АЕК (58340 теңге) айыппұл қарастырылған.
⠀
Қазіргі уақытта жеке тұлғаларға айыппұл мөлшері 2 АЕК, қайталанған жағдайда - 5 АЕК құрайды.
⠀
Заңды тұлғалар үшін айыппұл 100 АЕК (291 700 теңге), қайталанған бұзушылықтар кезінде - 200 АЕК (583 400 теңге) құрайды.