Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттар (ТІЖ) – бұл Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 176-бабында белгіленген жағдайларда, тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде электрондық нысанда ресімделетін құжат.

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресми енгізу мерзімдері:
* Акцизделетін тауарлар (этил спирті, алкоголь өнімі, темекі өнімдері, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері) – 2021 жылғы 1 наурыздан бастап
* Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінетін және әкетілетін тауарлар - 2021 жылғы 1 наурыздан бастап
* ЭШФ АЖ "Виртуалды қойма" модулі арқылы электрондық шот – фактуралар жазылатын тауарлар (жеңіл автомобильдер, теледидарлар, тоңазытқыштар, шаңсорғыштар, фотокамералар, шикі қант, эл. нагреват. дәрілік заттар, құрамында алтыны бар өнімдер) - 2021 жылғы 1 мамырдан бастап
* Атауы ДСҰ-ға қосылу шарты ретінде қабылданған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Еуразиялық экономикалық одақ баждарының мөлшерлемелерімен салыстырғанда неғұрлым төмен кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін қолданатын тауарлар Тізбесіне енгізілген тауарлар (алып қоюлар тізбесі) - 2021 жылғы 1 шілдеден бастап
* Таңбалауға жататын тауарлар - 2021 жылғы 1 шілдеден бастап.

ТІЖ бойынша пилоттық жоба

- 2020 жылдың 31 желтоқсанынан басталады
- ТІЖ міндетті енгізу мерзіміне дейін әрекет ететін болады.
- Пилоттық жоба кезеңінде пилоттық жобаға қатысушылар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 283-1-бабында көзделген әкімшілік жауапкершіліктен босатылады»
- Қатысушылар - жоғарыда аталған тауарлар өндірісі мен айналымын жүзеге асыратын барлық субъектілер.
- Пилоттық жоба - ЭШФ АЖ Виртуалды қойма модулінде жұмыс істейтін болады.
Акцизделетін тауарлар өндірісі мен айналымын жүзеге асыратын субъектілер үшін - Пилоттық жоба кезеңінде Салық төлеушінің кабинеті арқылы АІЖ, МІЖ, ТІЖ ресімдеу талап етілмейді, тек ТІЖ жеткілікті.
Жеке тұлғаларға тауарларды өткізуді жүзеге асыратын бөлшек саудада өткізушілер үшін, оларды жеке тұтыну үшін өткізуге ТІЖ ресімдеу талап етілмейді. Есептен шығару онлайн - БКМ чектері арқылы автоматты түрде жүргізіледі.
Акцизделетін тауарларды бөлшек саудада өткізушілер үшін (алкоголь өнімі, темекі өнімдері, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері – бензин, дизель.отыны) жеткізушілерден 20 жұмыс күні мерзімінде ТІЖ растау бойынша міндеттемелер сақталды.