Қалалық аурухананың жаңа жабдықтарының бөлшектері жинақталу сатысында

Қалалық аурухананың жаңа жабдықтарының бөлшектері жинақталу сатысында

Өткен жылы ғана қаламыздың тұрғындарынан қалалық ауруханаға магниттік - резонанстық томография (МРТ) аппараты, «жасанды бүйрек» аппараттарын сатып алу қажеттілігі туралы өтініштер әкімдікке түскен болатын.

Аталмыш медициналық қызметтер үшін Рудный тұрғындары облыс орталығына немесе басқа өңірлерге барып, қаралуға мәжбүр болатын.

Сол себепті, жалғыз компьютерлік томография қызметіне сұраныс жоғары болып қала берді. Биыл аталған медициналық қызметтер бойынша барлық сұрақтар толығымен шешіледі. Қалалық аурухана МРТ аппаратын сатып алды. Аппарат Рудный қаласының тұрғындары үшін қол жетімді.  

Сатып алынған тағы бір компьютерлік томограф пен «жасанды бүйрек» (диализ) аппаратурасы жинақталу сатысында.

Жуық арада бұл медициналық қызметтер Рудный қаласының медициналық саласын мүлдем жаңа сапалық деңгейге шығарып, қала тұрғындарына қол жетімді болады.