Қылмыс үстінде ұсталуда

Қылмыс үстінде ұсталуда

Заңсыз үйілген қоқыс үйінділерімен күрестен құқық қорғау органдарының қызметкерлері де қалыс қалмай, белсенді түрде жұмыс жүргізіп жатқандарын бірнеше рет хабарлаған болатынбыз.

Күнделікті атқаратын жұмыстарының ауқымдылығына қарамастан, учаскелік инспекторлар қаланың ықшам аудандарында үнемі алдын алу шараларын жүргізуде.

Полиция қызметкерлерімен бірге кезекті рейдке тілшілер де шықты. Келесі қоқыс алаңындағы контейнер маңайынан учаскелік инспектор тәртіп бұзушыны байқап қалды.

Әйел адам бос тұрған контейнерлерді елемей, қоқыс салынған қапшығын қоқыс үйіндісіне лақтыра салды.

Азаматша Н. заң бұзушылығын мойындады. Демек, алдағы жеті күннің ішінде оған айыппұл сомасының 50 пайызын төлеу керек. Ал, бұл сома - 10 АЕК, яғни 27 780 теңгені құрайды.

Полиция басқармасының өкілі осы іс бойынша түсіндіруі бойынша - қоқысты бей-берекет лақтыра салған азаматша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабын, яғни «Қалалар мен елді мекендердің аумағын абаттандыру, сондай-ақ инфрақұрылым нысандарын қирату, қаланың және елді мекендердің жасыл аймақтарын бұзу және бүлдіру» ережелерін бұзды.

Полиция қызметкерлерінің тарапынан мұндай фактілерді ауыздықтау жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп, күн сайын дерлік учаскелік инспекторлар рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Полиция басқармасы ұсынған ақпаратқа сәйкес: Әкімшілік кодекстің 505-бабы бойынша: 2019 жылдың 11 айында толтырылған 381 іспен салыстырып қарағанда, ағымдағы жылдың 25 қарашасында 461 адам жауапкершілікке тартылған.

Хаттамалардың көпшілігі: 369 - жеке тұлғаларға арналған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының «Қоғамдық орындардың ластануы» 434-2 бабын бұзғаны үшін 2019 жылы толтырылған 367 іспен салырсақ, биылғы жылы 460 факті анықталған.

Салынған айыппұлдардың көлемі - алты миллионнан астам теңгені құрап, бір миллион 553 мың теңге өндірілді.