Жастардың акциясын арлагерлер қолдады

Жастардың акциясын арлагерлер қолдады

Қала тұрғындарының бойында экологиялық мәдениетті тәрбиелеп, оның ішінде өзіңіз туып өсіп, өмір сүріп жатқан қалаға деген жауапкершілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру үшін «Шаг навстречу» атты қалалық еріктілер штабы #МусорВбак хештегімен челлендж өткізуде.

Еріктілер штабының #МусорВбак хештегімен челлендждің алғашқы видеосы Instagram-да 9 қарашада пайда болды. Челленджді Рудныйдың еріктілері, эко-амбассадор Максим Фролов және ««За чистый город!» экологиялық-патруль белсенділері қолдады.

Еріктілер штабының жетекшісі Мария Зюванова:

«Челлендждің мәні мынандай. Әркім өзінің жеке басының мысалында біздің қаланың экологиясына бей-жай қарамайтындығын көрсетсін. Қоқысты қалай тастайтындығыңыз жайлы видео түсіріп, #МусорВбак жүктеңіз» дейді.

Мәдениет саласының ардагері Пигасова Ольга да жастардың челленджін қолдады. Шетте қалмаңыз, акцияға қатысыңыз! Қаламыздың тазалығы өз қолымызда. Қоқысты кез-келген жерге лақтыратын адамдардың жауапкерсіздігіне бей-жай қарамаңыз. Тазалықта өмір сүрейік!