Қоқыс алаңдарындағы контейнерлердің жанына заңсыз үйілген қоқыс үйінділерін тазалау жұмысы жалғасуда

Қоқыс алаңдарындағы контейнерлердің жанына заңсыз үйілген қоқыс үйінділерін тазалау жұмысы жалғасуда

Қаладағы барлық қоқыс алаңдарындағы контейнерлердің маңайын толық абаттандыру үшін бақылау жүргізілуде.  Бір жерлерде қоқыс алаңына барар жолды дұрыстау керек болса, енді бір қоқыс жинау алаңдарына қосымша контейнерлер қою керек, ал енді бір жерлердегі қоқыс алаңдарының жанындағы қазылған шұңқырларды топырақпен толтыру керек.

Шешімін таппағандықтан,  бас ауыртар ең өзекті мәселеге айналған қоқыс жинау алаңдары үнемі біздің назарымызда. Бүгін де  мен Фрунзе көшесіндегі 8 үйдің қоқыс жинау  алаңына бардым. Бұл үйдің қоқысын  шығаруға «Рудный-Ажар-2006» ЖШС қызмет көрсетеді.

Біз келген уақытта кәсіпорын қоқыс алаңындағы  контейнерлерді тазалап жатыр екен.   Контейнердің  жанында  дүкендерден шығарылған бос қораптар,  құрылыс қалдықтары, ескі заттар үйіліп жатыр. Қоқыс жинау алаңы  жолға  жақын  орналасқандықтан да қоқыс үйіндісі тез жиналып қалады. Кейбір  жүргізушілер  жұмысқа бара жатып қоқыс салынған қапшықтарын  осы жерге тастай салады.  Бұдан тысқары, бұл маңайдағы 15 үйде 1500 тұрғын қоныстанған.  Ал, қоқыс алаңында тек 5 контейнер ғана бар. Бұл шынымен де жеткіліксіз.

Қандай шаралар қабылданды: полиция басқармасымен заңды тұлғалармен келісім - шарттың болуы бойынша, ал тұрғындармен  қоқыс алаңындағы  контейнерлердің  жанына заңсыз  түрде қоқысты үйген жағдайда  айыппұл  салынатындығы  жайлы түсіндіру жұмысы жүргізілді. «Рудный-Ажар-2006» ЖШС контейнерлер санын тағы екіге контейнерге көбейтіп, қоқыс алаңының жанына үйілген қоқыстарды  шығарды.

Бұл жерге бейнекамера  орнату мәселесі  пысықталуда.  Бүгінгі таңда бұл қоқыс жинау алаңындағы мәселе толық шешілді деп  айту әлі ерте.

Көп нәрсе осы жерде тұратын адамдарға да  байланысты. Бірақ бұл жердегі  қоқыс алаңының  мәселесі жақын арада шешілетініне сенімдімін.

Өз пікірлеріңізді жазғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Мен барлық  хабарламаларды  оқимын. Ой-пікірлеріңізді жазыңыздар!