Салық төлеуші әрекетсіз деп танылған кезде

Салық төлеуші әрекетсіз деп танылған кезде

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 108-бабына сәйкес, салық органы белсенді емес салық төлеушілердің тізілімін жүргізеді.

Тізілімге соңғы салық декларациясын тапсырғаннан кейін он екі ай ішінде салық декларациясын тапсырмаған заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер кіреді.

Салық органы жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей салық төлеушіні белсенді емес салық төлеушілер тізіліміне енгізу туралы шешім қабылдайды.

Тізілім мемлекеттік кіріс органдарының веб-сайтында орналастырылған.

Тізілімнен шығару үшін тиісті салық кезеңі үшін салық декларацияларын тапсыру қажет.

Одан кейін, үш жұмыс күні ішінде салық органы салық төлеушіні белсенді емес салық төлеушілер тізілімінен шығару туралы шешім қабылдайды.

‼️Белсенді емес салық төлеушілер тізіліміне енгізілмеу үшін салық декларацияларын уақытында және белгіленген мерзімде тапсырыңыз.

#белсенді емес #ЖК #ЖШС #бд