Рудный қаласына Ұлыбритания Елшілігінің Экономика және климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі бірінші хатшысы Кэти Коттрелл жұмыс сапарымен келді.

Рудный қаласына Ұлыбритания Елшілігінің Экономика және климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі бірінші хатшысы Кэти Коттрелл жұмыс сапарымен келді.

Рудный қаласына Ұлыбритания Елшілігінің Экономика және климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі бірінші хатшысы Кэти Коттрелл жұмыс сапарымен келді. Іссапар барысында Рудный қаласының әкімі Виктор Николаевич Ионенкомен кездесу өтіп, онда қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық әлеуеті және өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Жұмыс сапары аясында Кэти Коттрелл Рудный қалалық музейінде болып, қаланың қалыптасуы мен даму тарихымен танысты. Сондай-ақ Рудный қаласындағы заманауи білім беру ұйымдарының бірі – №2 гимназияға барып, оқу орнының мүмкіндіктерімен, заманауи материалдық-техникалық базасымен және жүзеге асырылып жатқан жобаларымен танысты.
Сонымен қатар Кэти Коттрелл нан және нан-тоқаш өнімдерін өндіруге маманданған «Карагулина» кәсіпорнында болып, өндіріс барысы мен шығарылатын өнім түрлерімен танысты.
Кездесу барысында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары мен инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, халықаралық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағыттары талқыланды.