Қалалық алаңда таяу уақытта қалаішілік бағыттарға шығатын Yutong маркалы 13 жаңа автобустың таныстырылымы өтті.

Қалалық алаңда таяу уақытта қалаішілік бағыттарға шығатын Yutong маркалы 13 жаңа автобустың таныстырылымы өтті.

Қалалық алаңда таяу уақытта қалаішілік бағыттарға шығатын Yutong маркалы 13 жаңа автобустың таныстырылымы өтті. Оның 6-уы «Транс Экспресс Сервис» ЖШС-нің, ал 7-еуі «Рудный Автотранс» ЖШС-нің бағыттарына қызмет көрсететін болады.
Жаңа автобустар жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кондиционер және жылыту жүйелерімен, бейнебақылау құрылғыларымен, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған пандустармен жабдықталған. Заманауи техника қала тұрғындарының жайлы әрі қауіпсіз қатынауына мүмкіндік береді.
Қоғамдық көлікті жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Тамыз айының соңына дейін Рудный қаласына тағы 24 жаңа автобусты жеткізу жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде қаланың автобус паркі едәуір жаңартылады.
Қоғамдық көлік жүйесін жүйелі түрде жаңғырту жолаушылар тасымалының сапасын арттыруға және қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.