
Рудный қаласына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Сайранұлы Аринов келді. Министр қала әкімі Виктор Николаевич Ионенкомен бірге қалалық бюджет қаражаты есебінен қызметтік үй-жайлары жөндеуден өткен қалалық өрт сөндіру бөлімінде болды. Сапар барысында Министр жөндеуден өткен қызметтік үй-жайларды аралап, олардың жай-күйімен және жеке құрамға жасалған жағдаймен танысты. «Төтенше жағдайлар қызметі бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және олардың қызметкерлеріне лайықты еңбек жағдайларын жасау – қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басым бағыттардың бірі», – деп атап өтті Рудный қаласының әкімі Виктор Николаевич Ионенко.